
Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігі тақырыбын талқылауға арналды
Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төтенше жағдайлар Басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған көшпелі кеңейтілген отырысы. Сонымен қатар, қала аумағында "Қауіпсіз балалық шақ-2022" облыстық акциясын іске асыру басталды, оның мақсаты – балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тақырыптың өзектілігі айқын және түсіндіруді қажет етпейді.
Отырыстың бірінші бөлімінде комиссия өкілдері, ТЖМ, сүңгуірлік-құтқару жасағының қызметкерлері депутаттармен, облыстық Қоғамдық кеңестің, құқық қорғау органдарының өкілдерімен, валантерлермен бірге Шаған өзені бойынша бірлескен рейд өткізді. Бағыт мәдениет және демалыс саябағындағы жағажайлардан "Атамекен"лагеріне дейін созылды.
"Демалыс уақыты-дәл осы кезеңде балалармен болған жарақаттар мен жазатайым оқиғалары ең көп орын алады. Жүріс-тұрыс ережелерін сақтамау, белгіленбеген орындарда суға түсу, балаларды жалғыз шомылу, оларды қараусыз қалдыру қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін". Бұл туралы арнайы құрылған рейдтік топ демалушыларға тағы да ескертті.
Су айдындарында патрульдеу суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін сақталады.
Екінші бөлімде "Атамекен" лагерінде рейдтің қорытындысы шығарылып, жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қатысушылар "қауіпсіз балалық шақ - 2022" акциясының ведомствоаралық іс-шаралар кешеніне ерекше назар аударды, олар 7 бағыт бойынша бөлінген: судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, үйдегі, қоғамдық орындардағы, жолдардағы, қала сыртындағы лагерьлердегі қауіпсіздік, сондай-ақ қауіпсіз балалар еңбегін қамтамасыз ету.
Отырыс мазмұны маңызды болды: жағажайлардың жұмыс істеуі, жағажайларда шомылуға арналған балалар аймақтарын құру, ескерту белгілерін орнату, саяжай алқаптарында шомылу, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысы, өрт қауіпті жағдайлардың алдын алу, осы және басқа да мәселелерді қатысушылар талқылады. ТЖ және құқық қорғау органдарының қызметкерлері де, қоғам қайраткерлері де, мемлекеттік қызметшілер де ешкімді бей – жай қалдырмады. Қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар әзірленді.
- Қарапайым ұсыныстарды орындау сіздің балаңыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі және жазғы демалысты барынша рахаттана өткізуге мүмкіндік береді. Есіңізде болсын, бала ата-анасынан үлгі алады. Сіздің мысалыңыз суда, көшеде, үйде тәртіпті мінез-құлықты үйретсін. Балаларды жазатайым оқиғалардан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз, - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары М.С. Нұржанов қала тұрғындарына арнаған сөзінде.
Отырыстың үшінші бөлімінде, отырысқа қатысушылар "Атамекен" лагерінің жұмыс тәжірибесімен танысты. "Атамекен" бассейнінде балаларды жүзуге үйретуге, "Қайсар"әскери-пастриотикалық лагерінің жүйесі арқылы жасөспірімдердің дұрыс мінез-құлқын тәрбиелеуге ерекше назар аударылды.