Орал қаласында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәлімет

Орал қаласында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәлімет

2022 жылы жазғы кезеңде жұмыс жасайтын лагерлер тізімі:

 

1

«Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы

10 күнге 65 000тг

87112-25-33-44

2

Оқушылар сарайы

10 күнге 20 000тг

87112-30-60-70

3

Мектептен тыс жұмыс орталығы

7 күнге  5000тг

87112-53-45-25

 

 Қала тұрғындарының назарына:

 «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 3 айда 1500  оқушы демалады.

Қаланың 45 мектебінде тамақтануы ұйымдастырылған  лагерлерде 7400 бала,  50 мектептегі және 2 қосымша білім беру ұйымында тамақтану ұйымдастырылмаған лагерде 34655 бала  демалысын өткізеді. 

Алтыншы жыл қала мектептері жанындағы лагерлерде бағдарлы, интеллектуалдық алаңдар жұмыс жасауда.

«Мирас», «Рахат», «Қайсар» шатырлы лагерлерінде 50 мектептен 1930 бала қамтылады деп күтілуде.  Бұл шатырлы лагерлерде туристтік-өлкетану және патриоттық бағытта жұмыстар жүргізіледі.

«Атамекен»  қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығындағы лагерь демалушылары бассейнде базалық жүзу дағыдыларын 1500 бала үйренеді.

Оқушылар сарайында қала мектептері оқушыларына базалық жүзу дағыдыларын үйрету жұмысы жыл бойы жүргізіледі.

2022 жылдың 26 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Нұрсұлтан қаласына 50 аз қамтылған отбасы оқушыларына саяхат ұйымдастырылды.

2022 жылдың 2-16 шілдесі мен 26 шілде – 8 тамызы аралығында 100 аз қамтылған отбасы оқушысы Боровое курорттың аумағында демалысын өткізеді.

2022 жылдың 1-10 тамызы аралығына аз қамтылған отбасынан 50 оқушыға Түркістан қаласының тарихи орындарына саяхат өткізіледі.

Жалпы жазғы демалыспен қамту 88,6 пайызды құрайды деп күтілуде. (өткен оқу жылында 83%).

Жазғы демалыс туралы ақпарат алу үшін анықтама телефоны: 87712-50-38-79 (білім беру бөлімі), жалпы лагерьлер бойынша ақпарат алу үшін республикалық bala-demalys.kz сайты жұмыс жасайды.