Құрметті оралдықтар, қадірменді ағайын!

Құрметті оралдықтар, қадірменді ағайын!

Күллі мұсылман қауымының ең қасиетті де ұлық мейрамы - Құрбан айт мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Ізгі мереке - кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың көрінісі.
Бұл мерекенің басты мәні – сыйластықты арттыру, жақсылық жасау, мұқтаждарға көмектесу.

Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас–ниеттеріңіз, құрбандықтарыңыз қабыл болсын, амалдарыңызға сансыз сауаптан жазсын!

Әрбір шаңыраққа шаттық, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін!

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов.