Осыған орай бүгін қала әкімдігінде Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов мейрамға дайындықты пысықтау бойынша арнайы жиын өткізді.
Жиын барысында ұлық мейрамға дайындық жұмыс-жоспарлары жайында облыстық орталық мешіттің наиб имамы Мейрамбек Әбдірахманов баяндады. Сонымен қатар, Орал қаласы бойынша белгіленген 3 орында құрбандық шалуға болатынын хабардар етті.
Орал қаласы бойынша құрбандық шалынатын орындар «Кублей» ЖШС, «БҚО тұрақтандыру қоры» ЖШС (Ел-ырысы), «Батыс Адал ет» ЖШС болып белгіленді.
Кездесу соңында қала әкімінің орынбасары нақты тапсырмалар беріп, ұлық мейрамды жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.