Оралдық көпбалалы аналарға қала әкімдігінде «Алтын» және «Күміс» алқалары табысталды. Қала әкімі Миржан Сатқанов алтын құрсақты аналарды арнайы қабылдап, марапаттау рәсімін өткізді.

Оралдық көпбалалы аналарға қала әкімдігінде «Алтын» және «Күміс» алқалары табысталды. Қала әкімі Миржан Сатқанов алтын құрсақты аналарды арнайы қабылдап, марапаттау рәсімін өткізді.
Жиында «Алтын алқа» белгісімен 1 ана, «Күміс алқамен» 10 ана марапатталды. Марапатқа ие болған жандарды шаһар басшысы құттықтап, аналарға өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесіне үлкен үлес қосып отырғандары үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде көпбалалы аналар да уақыт тауып қабылдаған қала әкіміне ризашылықтарын білдірді.
–Жасым 30-да, жеті баланың анасымын. Бүгін осындай мемлекеттік наградаға ие болғаныма қуаныштымын. Басты жетістігіміз – балаларымыз. Әр қазақ жанұясына осындай бақыт тілеймін, – деді көпбалалы ана Малика Зейнуллина.
Айта кетейік, жыл басынан бері Орал қаласы бойынша 34 көпбалалы ана «Алтын» және «Күміс» алқамен марапатталды.