Ауа райының қолайсыздығына байланысты Әбілқайыр даңғылы Қ.Мусин көшесінен Чайкина көшесіне дейінгі аралықтағы жол жөндеу жұмыстары 4 шілде таңғы сағат 08:00-ден 6 шілде таңғы сағат 08:00-ге дейін жалғасады. Осыған орай, аталған аумақтың жолы жабылады. Автокөлік және қоғамдық көліктер Қ.Мусин, Шевцов, Кошевой, Көкшетау, Гастелло көшелерімен өтеді.