Бүгінде қала бойынша жер кезегінде 108 502 тұрғын бар. Осыдан 10 жыл бұрын Деркөл кентінде жер беру жұмыстары жүрді. Алайда инженерлік желілерсіз жер беру тұрғындар үшін үлкен қиындықтар туғызды. Осыған байланысты алдымен барлық қажетті инженерлік желілерді өткізу жұмыстары жүргізілді. Қазір Круглоозерный кенті аумағынан 900-ден аса жер учаскесі дайындалды. Жер телімдері кезекте тұрған азаматтарға 2022 жылдың шілде айынан бастап беріле бастайды.