Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Деркөл кентінің жергілікті қауымдастық мүшелерімен кездесу өткізді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Деркөл кентінің жергілікті қауымдастық мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу басында Деркөл ауылдық округінің әкімі Жұбан Жұмағалиев 2022 жылға жоспарланған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы хабардар етті.
Өз кезегінде облыс әкімі Ғали Есқалиев Деркөл тұрғындарымен кездесудің басты мақсаты - тұрғындардың белсенді қатысуымен жүргізіліп отырған қауымдастық мүшелерінен жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін білу екенін айтты.
- 2020 жылы осында кент әкімдігін ұйымдастыру туралы шешім қабылдағанда, мен үшін бұл жергілікті өзін-өзі басқару бойынша пилоттық жобаны іске асырудың алғашқы мүмкіндігі болды. Менің ойымша, екі жыл - бюджеттік қатынастар, қалалық әкімдікпен, қоғамдық кеңеспен, депутаттармен жұмыс бойынша заңнамалық және нормативтік сипаттағы бірқатар мәселелерді анықтау үшін жеткілікті мерзім. Осы уақыттың ішінде сіздер өз әкімдеріңізді таңдап, оған сапалы жұмыс пен кентті одан әрі дамытуды сеніп тапсырдыңыздар, - дейді.
Кездесуде қауымдастық мүшелері қоғамдық жиналыстарды өткізу, жергілікті қоғамдастық құрамын қалыптастыру, кенттің санитарлық тазалалығы, оның ішінде қыста жолдарды қардан тазалау, жазда қоқыс шығару және қаңғыбас иттер бойынша бірқатар мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ олар қоқысты сұрыптау мен оны қайта өңдеуді ұйымдастыруды ұсынды.
Өз кезегінде өңір басшысы Деркөл кенті тұрғындарының әкімді таңдау тәжірибесі маңызды болғанын атап өтті. Өйткені, келесі жылдан бастап бұл тәжірибе пилоттық режимде облыстың басқа аудандарына да енгізілмек. Ал кездесуде қойылған барлық сұрақтар мен ұсыныстар ескеріліп, қала және облыс басшылығының назарында болатынын жеткізді.