Тұңғыш Президент алаңындағы стихиялық сауда әлі де болсын қоғамның наразылығын тудырып келеді.

Тұңғыш Президент алаңындағы стихиялық сауда әлі де болсын қоғамның наразылығын тудырып келеді.
Осыған дейін Орал қаласының әкімдігі полиция өкілдерімен бірлесіп, құқық бұзушылыққа барған және алаңда сауда жүргізуді жалғастырған кәсіпкерлік субъектілерін бірнеше рет ұстаған болатын. 2022-2024 жылдарға Тұңғыш Президент алаңын күтіп-ұстауға және басқаруға конкурс жүргізіліп, "Жайық Таза қала"ЖШС жеңімпаз деп танылды. Бұл кәсіпорын аумақты күтіп- ұстау, сондай-ақ көрсетілген аумақтарда тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады. Осыған байланысты қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қала әкімдігі мен "Жайық Таза қала" ЖШС конкурсқа қатысуға өтініш беру үшін жеке және заңды тұлғалар арасында Тұңғыш Президент алаңын басқарушы мекемемен өзара іс-қимыл шартын жасасу туралы ереже әзірленді. Ережеде алаңдағы сауда нүктелерінің саны 50-ден 11-ге дейін қысқаратын болады. Бұл жұмыстар өз уақытын Тұңғыш Президент алаңында өткізуге келген тұрғындардың бос уақытын ыңғайлы және жайлы өткізу үшін жасалады. Кәсіпкерлік субъектілері арасында конкурстық негізде 11 сауда нүктесі іздестірілетін болады.
Ереженің және конкурстық рәсімдердің шарттарымен Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтынан танысуға болады.
Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жанболат Хайыржан мен "Жайық Таза қала" ЖШС директоры Ринат Нұрғалиев бүгін алаңда жоғарыда аталған мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.