Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау
Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Алтай Есмағұлұлы Құлқаев тағайындалды.
Алтай Құлқаев – 1982 жылы туған, білімі жоғары. 2001 жылы Орал қаржы-экономикалық колледжін «қаржы»мамандығы бойынша, 2005 жылы Қазақ коммерциялық қаржы академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары:
–Теректі аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы;
– Теректі аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы;
– Теректі ауданының экономика және қаржы бөлімінің бас маман-экономисі;
–Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы;
– Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы;
– Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің басшысы;
– Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;
– Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылдан бастап бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болды.