
Аталған ауданға көктем-күз мезгілдерінде қоғамдық көліктің кіруі біраз қиындық тудырады. Тұрғындар осы мәселені бірнеше жылдар бойы көтеріп келеді. Осыған орай, қазіргі таңда Құс фабрикасының №3 маршрут қатынайтын Сарыарқа көшесін асфальттау үшін конкурс жарияланды. Жалпы ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын жол жөндеу жұмыстары биыл басталатын болады.