23 маусым — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі әрі Полиция күні.

23 маусым — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі әрі Полиция күні.
Қос мерекеге орай бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов бірқатар сала мамандарын марапаттады.
—Мемлекеттік қызмет атқару дегеніміздің өзі – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі. Қоғамның үніне құлақ түру арқылы маңызды істерді атқарып, қаламыздың экономикалық-әлеуметтік дамуында мемлекеттік қызметшілердің алар орны ерекше. Қаламыздың дамуына, мемлекеттік саясатты іске асыруға сүбелі үлес қосып жатқан барлық әріптестерімізге зор алғысымды білдіремін. Полиция қызметкерлері де жауапты міндеттерді атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтауға, халықтың тыныс-тіршілігі үшін маңызды нысандарды күзетуге, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге белсене атсалысып, отансүйгіштік пен мемлекетшілдіктің жарқын үлгісін көрсетуде. Отанымыз – Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен игілігі жолындағы қызметтеріңізге мол табыс тілеймін!, — деді шаһар басшысы құттықтау сөзінде.
Салтанаттық жиында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне ҚР Президентінің, облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттары табыс етілді.