Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Желаев селолық округінің тұрғындарымен кездесіп, жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Бүгін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов Желаев селолық округінің тұрғындарымен кездесіп, жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесуде селолық округ әкімі Арман Бисимбалиев 2022 жылы Желаевта жоспарланған жұмыстардан хабардар етті.
-Биылға жоспарланған Бірлік және М.Көпбергенов көшелеріне құм араласқан қиыршық тас төсеу жұмыстары қазіргі таңда аяқталды. Ал Бірлік көшесінде салынып жатқан жаңа тынымбақ құрылысы бүгінгі таңда жүріп жатыр. Құныскерей көшесін жарықтандыру, М.Көпбергенов көшесіне жаяу жүргінші жолын салу бойынша жоспарланған жұмыстарға мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстары жүргізілуде, - деді Арман Тілекешұлы.
Осыдан кейін қала әкімі тұрғындардың сауалын тыңдап,оны шешу жолдарын талқылады.
Айта кетейік, бұған дейін шаһар басшысы қалаға қарасты барлық кенттер мен селолық окуругтерде, шағынаудандарда кездесу өткізіп, халықтың көкейіндегі сауалын тыңдап, көпшілікпен жүздесті.