Алдымен Деркөл кентінің әкімі Жұбан Жұмағалиев кенттің әлеуметтік- экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, биыл жоспарланған жұмыстарды атап өтті.
Осыдан кейін деркөлдіктер өздерін толғандырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды. Сұрақтардың басым бөлігі жол,қоқыс контейнерлерін орнату, қоғамдық көлік, әлеуметтік нысандар салуға қатысты болды.
Тұрғындар көтерген басты мәселелерге қатысты кент әкімі жоба-жоспарларды айтты. Мәселен, 2022 жылы Сарыарқа шағынауданының 20 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетінін, сондай-ақ, 3 балалар ойын алаңы, 8 автобус аялдамасы павильоны орнатылатынын, бұдан бөлек, өзге де сауалдар жұмыс жоспарына алынатынын жеткізді.
Кездесуде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтың әрбіріне шаһар басшысы, құрылымдық бөлімдердің басшылары мен кент әкімі нақты жауаптар берді. Шаһарды дамыту бағытындағы алдағы жұмыстарды жоспарлау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары ескерілетінін жеткізді.
Кездесуді шаһар басшысы Миржан Сатқанов қорытындылады.
-Мен үшін мұндай кездесулер өте маңызды.
Осындай ашық диалогтар арқылы тұрғындардың негізгі деген мәселелерін анықтауға, оларды шешуге мүмкіндік аламыз. Алдағы уақытта тұрғындармен кездесулер жиі ұйымдастырылады. Өйткені, болашақта атқарылар жұмыс көп. Сол жұмыстарды тұрғындармен бірге шешуге бар күшімізді саламыз,- деді.
Кездесу соңы әдеттегідей қала әкімі мен оның орынбасарларының, дербес бөлім басшыларының, құқық қорғау саласы қызметкерілінің тұрғындарды жеке қабылдауымен жалғасты.