Бүгін Шолохов скверіндегі жаңа амфитеатрда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаттарын марапаттау кеші өтті.

Бүгін Шолохов скверіндегі жаңа амфитеатрда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаттарын марапаттау кеші өтті.
Ұлттық байқаудың береке-бірлігі жарасқан отбасыларды насихаттауда маңызы орасан. Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен байқаудың қалалық кезеңіне 11 отбасы қатысқан.
Іс-шара алдымен «Балаларға базарлық»ұйымдастыру орталығының балаларға арналған көңілді ойын-сауық бағдарламасымен басталды.
Осыдан кейін Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиев құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыларға алғысын білдірді.
Байқаудың қалалық кезеңінің бас жүлдесіне Балмулдиндер отбасы ие болды. Ал жүлделі бірінші орынға Телегеновтар жанұясы ие болса, Кереевтар және Салимовтар отбасы - екінші, Аушетовтар отбасы үшінші орыннан көрінді. Байқаудың қалалық кезеңіне қатысқан өзге де жанұялар әртүрлі аталымдармен марапатталды.
Салтанатты шарада қатысушыларға шаһар басшысының алғыс хаты және демеушілердің бағалы сыйлықтары табысталды.
Алда - облыстық кезең. Шаһар намысын Телегеновтер мен Балмулдиндер отбасылары облыстық кезеңде қорғайтын болады.