Аталмыш мерекеге орай бүгін қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қорғаныс істері саласында жемісті еңбек етіп жүрген ақ халаттыларды құттықтады.
Алдымен қала әкімінің орынбасары мерекемен құттықтап, ізгі тілегін айтты.
-Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын. Болашақ сарбаздардың денсаулығы үшін көктемгі және күзгі науқан кезінде сіздер күн-түн демей еңбек етесіздер. Осы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Елдің сый-құрметіне бөленіп жүре беріңіздер,-деді Мирболат Сағынғалиұлы.
Сонымен қатар Орал қалалық қорғаныс істері басқармасының бастығы, подполковник Руслан Балтеміровте кәсіби мерекемен құттықтап, ризашылығын білдірді.
Ел алдында адал қызметін атқарып, өз ісінің шеберіне айналған невропатолог дәрігер София Жүсіпова, окулист Раиса Герасимова, отоларинголог Мәжит Кульчиков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгімен марапатталды.
Бұдан бөлек, бір топ мамандар облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің,шаһар басшысы М.Сатқановтың, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Р.Әміржановтың алғыс хаттарына ие болды.