Орал қаласы мектептерінде «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты 11 сынып оқушыларына аттестат табыстау салтанатты жиыны ұйымдастырылды.

Орал қаласы мектептерінде «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты 11 сынып оқушыларына аттестат табыстау салтанатты жиыны ұйымдастырылды.
Биыл Орал қаласы бойынша 2103 түлек орта мектепті аяқтады. 11 жылғы білімге деген ізденіс пен талпыныс, табанды еңбегінің нәтижесінде ата-ана, ұстаздарының сенімін ақтап 78 түлек «Алтын белгі», 53 түлек «үздік аттестат» иегері атанды.
Әр мектепте ұйымдастырылған жиындарда білім ұялары директорлары түлектерді құттықтап, салтанатты түрде аттестаттарын табыс етті.
Түлектердің сынып жетекшілері, ұл-қыздарының қуанышты сәтіне ортақтаса келген ата-аналар ізгі лебіздерін арнады.
Қымбатты түлектер, қимас мекен, алтын ұяға айналған мектептегі алаңсыз күндер аяқталып, азаматтық жауапкершілігі мол кезеңге басқан қадамдарыңызға ақ жол тілейміз. Мектеп қабырғасында алған білімдеріңіз бұл жолда сенімді серік болады деп сенеміз.