Орал қаласы әкімі Миржан Сатқановтың тұрғындармен кездесуі жалғасуда.

Орал қаласы әкімі Миржан Сатқановтың тұрғындармен кездесуі жалғасуда.
Бүгін шаһар басшысы «Зенит» мәдениет үйінде тұрғындармен кез­­десіп, қала тұрғын­дармен өзекті мәселелерді талқы­лады. Миржан Мұнайдарұлы алдымен қала инфрақұрылымын дамыту, жол, абаттандыру, көгалдандыру сияқты басты мәселелерге тоқталып, атқарылатын жұмыстар ретімен таныстырды.
Кездесуде халық сұранысын қанағаттандыруға басымдық берген қала әкімі әртүрлі мәселемен келген тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдады. Кездесуде шаhар басшысы әрбір проблеманың шешу жолдарын айтып, барлық талап-тілектің назарда болатынын жеткізді.
Кездесуден кейін жеке қабылдауда тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын әкім мен оның орынбасарларына, дербес бөлім басшыларына тікелей қоюға мүмкіндік алды.