Кездесуде тұрғындар қала әкіміне аулаларды абаттандыру, көгалдандыру, қоғамдық көлікке қатысты сұрақтар қойды.
Мәселен, қала тұрғыны Нұрмұхан Жұмақаев өз ауласын абаттандыруға қатысты сұрағын жолдады.
-Щурухин,40 мекенжайында «Аулаларды кешенді абаттандыру» жобасы аясында жаңа спорт және балалар алаңы салынуда. Алайда балалар алаңы әлі салынбады,- деді.
Бұл сұраққа шаһар басшысы қазіргі таңда ауланы абаттандыру жұмыстары әлі толықтай аяқталмағанын, жыл соңына дейін жұмыстар бітетінін жеткізді.
Ал Нұраш Шімәнова Арал көшесіне жол салу жұмыстары қашан жүргізілетіні жөнінде сұрады.
-Молдавская, Арал көшелерінің жолдарын реконструкциялау бойынша жақын арада жұмыстарды бастаймыз, - деді Миржан Мұнайдарұлы.
Сондай-ақ жиында экобелсенділер қаланың экологиялық ахуалын жақсатуға арналған жобаларын ұсынды.
Оралдың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатындағы ұсыныстарға қала әкімі қашанда ашық екенін жеткізді.
Шаһар басшысы тұрғындарды алаңдатқан мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, түйінін шешуге күш салатынын жеткізді.
Кездесуден соң қала әкімі мен оның орынбасарлары, құқық қорғау органдарының өкілдері және қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.