Тарихы сонау 1989 жылдан бастау алатын «Өркен» комьюнити орталығы 1995 жылға дейін «Романтик» клубы деп аталды. 1995 жылдан бастап «Өркен» атауын алған балалар аула клубы бүгінде комьюнити орталық ретінде жұмысын жандандырды.

Тарихы сонау 1989 жылдан бастау алатын «Өркен» комьюнити орталығы 1995 жылға дейін «Романтик» клубы деп аталды. 1995 жылдан бастап «Өркен» атауын алған балалар аула клубы бүгінде комьюнити орталық ретінде жұмысын жандандырды.
Деркөл кентінде орналасқан орталық заманауи құралдармен жабдықталып, балаларға да,ересектерге де қызмет көрсетуде.
«Өркен» комьюнити орталығының меңгерушісі – Мензира Шоқанаева.
Мұнда бес асық, үстел теннисі, шахмат, дойбы, «Жас толқын» ән үйірмесі, «Гүлдер» би үйірмесі тегін жұмыс істейді. Қазіргі таңда жаңа орында үйірмелерді жандандыру мақсатында балалар мен жасөспірімдерді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ал орталықта кешкі ауысымда жастарға арналған домбыра, қобыз, гитара үйірмелері, ардагерлерге арналған дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ақылы қосымша үйірмелері жұмыс жасайды. «Өркен» комьюнити орталығындағы үйірмелерге қазіргі таңда 120 бала қатысады. Алдағы уақытта орталық 200-250 баланы қамтымақ.
«Өркен» комьюнити орталығында мәдени-іс-шаралар үнемі ұйымдастырылып отырады. Сонымен қатар тәрбиеленушілердің де жеткен жетістіктері аз емес. Атап айтсақ, әншілік өнерімен танылып келе жатқан «Жас толқын» ән үйірмесінің тәрбиеленушісі Мырзагерей Арыстанбек, үстел теннисінен үздігі Сүйіндік Мансұр, бес асықтан және тоғызқұмалақтан қалалық байлаулардың жеңімпазы Сабина Сағынғали сынды талантты жастар бар.
Орталық тәрбиеленушілері жаз мезгілінде «Менің аулам-менің бағым» жобасы аясында «Жасыл желек әлемінде» жазғы бау-бақша өсіру еңбек лагерінде балалар көкөніс түптерін отырғызып, күтіп-баптау жұмыстарымен айналысады.
Тек мәдени-спорттық іс-шаралармен ғана емес, тәрбиеленушілерді еңбекке баулуды мақсат тұтқан, 30 жылдан астам уақыт халыққа қызмет көрсетіп келген «Өркен» комьюнити орталығының жұмысына табыс тілейміз. Алар асу, шығар шыңдарыңыз көп болсын!