№9 мектеп ғимаратында өткен жиынға осы аумақта тұратын шағынаудан тұрғындары жиналды. Жиын барысында шаһар басшысы қала бойынша алда атқарылатын жұмыстарға тоқталып, халықты мазалап жүрген сауалдарға жауап берді.
Шаһар басшысы жиында жол, аулаларды абаттандыру, су, жер учаскелерін беру, қоғамдық көлікке қатысты басты мәселелер жайынан хабардар етіп, жүзеге асып жатқан жобалардан құлақтандырды.
Кездесу барысында тұрғындар бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын білдірді. Шаһар басшысы кездесуде көтерілген мәселелердің бәрін назарға алып, алдағы жұмыстарды жоспарлау барысында ескеретінін жеткізді.
Қала әкімі мен оның орынбасарлары, құқық қорғау органдарының өкілдері және қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары кездесуден соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.