Бүгін «Қазақ мектебіне қадам басайық!» жобасы бойынша қорытынды жиын өтті.

Бүгін «Қазақ мектебіне қадам басайық!» жобасы бойынша қорытынды жиын өтті.
Аталмыш жоба аясында биыл сәуір-мамыр айларында Орал қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің даярлық тобы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жоғары топ тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен кездесулер өткен болатын.
Қаланың 21 мектебі мен 24 мектепке дейінгі ұйымдарында 2022-2023 оқу жылына 1 сыныпқа баратын оқушылардың ішінде орыс сыныбына баруды жоспарлап отырған қазақ балаларының ата-аналарымен кездесулер ұйымдастырылған. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде қала мектептерінің 1 сыныбына қабылданатын 5730 оқушының 62,7 пайызы қазақ сыныбына қабылданады деп жоспарланған.Қазіргі таңда 1 сыныпқа 4716 оқушы қабылданып үлгерген. Оның 63,7 пайызы қазақ сыныбына баруға өтініш берген. 1 тамызға дейін көрсеткіш 68%-ға дейін жетеді деп күтілуде. Жаңа оқу жылында жалпы 242 сынып ашылуы жоспарланған, оның 162-і қазақ тілінде оқытпақ.
«Қазақ мектебіне қадам басайық!» жобасы нәтижесінде өткен оқу жылында 50 мектепке дейінгі ұйымдарында 329 қазақ тобы, 100 орыс тобы болды. Ал 2022-2023 оқу жылында қазақ топтары 11 топқа көбейіп, қазақ тобың саны 340-қа жетті.
Жиында баяндама жасаған Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова мәліметінше, қазақ балаларының орыс сыныбына қабылдануы жылдан-жылға көбейіп келеді.
–Соңғы 3 жылды салыстыратын болсақ, ұлты қазақ балалардың орыс сыныбына қабылдануы жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Ата-аналармен әңгімелесу барысында орыс сыныбына берудің ең басты себептерінің бірі – бұл ата-аналардың орыс тілді болуы және қоғамда қазақ тілге деген сұраныстың аздығы. Биыл қаладағы №9, №17,№24 орыс тілінде білім беретін мектептерде 1 сынып және мектепалды даярлық тобының қазақ сыныптары ашылады. Мектепалды даярлық топтары мен 1 сыныптардың ата-аналарына қолдау көрсету мақсатында ұзартылған күн тобы ашылады. Мұнда оқушыларға үйге берген тапсырмаларды орындауға көмек беріліп, тілдік қорын көбейту, функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында әртүрлі форматтағы жұмыстар жүргізіледі, – Ақжарқын Мүтиғоллақызы.
⤵️⤵️⤵️