Республика бойынша «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны жүріп жатыр. Науқан «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтуде.

Республика бойынша «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны жүріп жатыр. Науқан «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтуде.
Іс-шараны өткізудегі мақсат – бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамды ақпараттандыру.
Осы мақсатта қалада рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Рейд барысында мамандар қалалық мәдениет және демалыс саябағы, кафелер,орталық базар, көлік жуу орындарын аралап,бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында жеке кәсіпкерлерге және балалардың ата-аналарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында дәл осындай рейдтік іс-шара өтті. Оған кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия өкілдері, Абай полиция бөлімінің мамандары, еңбек инспекциясы және білім беру бөлімінің қызметкерлері,студенттер мен волонтерлер және саябақ әкімшілігі қатысты. Олар саябақтағы барлық ойын-сауық орындары мен кафелерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.
Осыдан кейін қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы жеке кәсіпкерлерге жиын өткізілді. Мұнда мамандар кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бала еңбегін қанауға жол бермеуге шақырды.
Ұлттық науқан 12 маусымға дейін жалғасады. Рейд кезінде кәмелетке толмаған балаларды заңды түрде еңбекке тарту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.