«Театрдың ғажайып әлемі» батыс аймақтық балалар театр фестивалі өз мәресіне жетті.

«Театрдың ғажайып әлемі» батыс аймақтық балалар театр фестивалі өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған фестивальде Ақтөбе, Атырау облыстарымен қатар өңіріміздің Ақжайық, Қаратөбе, Сырым аудандары мен Орал қаласының балалар театрлары өнер көрсетті.
Балалар театр фестивалінің жабылу салтанатында Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Нұржанов сөз сөйлеп,«театр өнерін -мәңгілік өнер» екенін мақсат еткен фестивальдің Х.Бөкееваның 105 жылдығымен тұспа-тұс келуі кездейсоқ еместігін атап өтті. Сонымен қатар барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Фестиваль қорытындысы бойынша «Үздік қойылым» аталымымен Ақтөбе облысы, Н.Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Аманат» жастар театры, «Үздік ер бала бейнесі» аталымымен «Аманат» жастар театрының «Жәмила» спектаклінде Оспан бейнесін сомдаған Сәндіғали Арғын, «Үздік қыз бала бейнесі» аталымымен «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық театрының «Қоңырау» ертегісіндегі Кермарал рөлін сомдаған Елнара Сейтжан марапатталды . «Үздік ансамбль» аталымына Орал қаласы білім беру бөлімінің Оқушылар сарайы жанынан құрылған «Мақашева» театры лайық деп танылса, Х.Бөкеева атындағы арнайы жүлдеге Орал қаласының «Мәдени-ағарту бірлестігі» жанынан құрылған «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық театры қол жеткізді. «Үздік декорация» аталымымен Ақтөбе қалалық мәдениет үйінің «Ақтөбе» балалар театры, «Үздік эпизод» аталымымен Орал қаласы білім беру бөлімінің Оқушылар сарайының «Мақашева» театрының «Қара шекпен» спектаклінде «Қасқыр» рөлін сомдаған Нұрдәулет Жүсіпов, «Үздік бейне» және «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» аталымымен Ақтөбе облысы, Құрайлы мәдениет үйінің «Аll-Art» балалар және жасөспірімдер театры, «Ертегідегі сүйікті кейіпкер» атылымымен Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің «Театр» бөлімінің үлкен тобының «Барлық тышқандар ірімшік жақсы көреді» ертегісіндегі Қоңыр тышқан рөлін сомдаған Елеусін Гүлім, «Үздік сахналық костюм» аталымымен Орал қаласы, Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің «Театр» бөлімінің кіші тобы, «Үздік музыкалық әрлеу» аталымымен Ақжайық аудандық мәдени - демалыс орталығының театры, «Көрермен көзайымы» аталымымен Орал қаласынан Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің «Театр» бөлімінің үлкен тобы марапатталды.
Өзге де фестивальге қатысушылар мен театр жетекшілеріне алғыс хат табыс етілді.