Мәселен, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғимаратында орналасқан №187 сайлау учаскесінде Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларға дауыс беруге тұрғындар белсенділікпен қатысуда. Учаскенің комиссия төрағасы Асхат Өкшебаевтың айтуынша, мұнда дауыс беруге тиіс 2677 адамның 1500-ға жуығы түске дейін дауыс беріп кеткен. Ең бірінші келіп дауыс берген Байбатыровтар отбасына, тұңғыш рет таңдау жасаған Мейіржан Оразға,туған күні рефендуммен тұспа-тұс келген Мерхат Өмірғалиевке арнайы сыйлықтар табысталды.
Ал №50 мектеп ғимаратында орналасқан №349 сайлау учаскесінде дауыс бергендер қатарында 90 жастағы қария да болған. Сондай-ақ аталмыш учаскеге Негметовтер жанұясы балаларымен келіп, өз таңдауын жасады.