Бүгін еліміз бойынша гимн бір уақытта шырқалды.

Бүгін еліміз бойынша гимн бір уақытта шырқалды.
Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары осы шараға қосылып, Тұңғыш Президент алаңында барлық тәртіп ережерін сақтай отырып, Әнұранды орындады.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өңір тұрғындарын Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығымен құттықтады.
—1992 жылы маусымда Мемлекеттік рәміздеріміз ресми түрде қабылданған болатын. Мемлекеттік рәміздер — Тәуелсіздігіміздің айшықты нышаны. Рәміздер елдің өзіндік өмір салтын, болмыс-бітім ерекшелігін, өзгелермен байланыс орнату мұратын білдіретін айрықша белгі болып табылады. Әрдайым туымыз көгімізде желбіреп, әнұранымыз ойнасын, еліміз бүтін, жұртымыз аман болсын,— деді облыс әкімінің орынбасары.
Шарада патриоттық бағыттағы әндер айтылып, алаңға жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.