Оралда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтуде

Оралда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтуде
Бүгін 20-дан астам спортшы Шаған өзенінің бойын байдаркамен есіп өтті. Әрбір қайықтың артына мемлекеттік ту бекітілді. Республикалық чемпионаттардың жеңімпаздарына, үздік спортшыларға ту көтеру құрметі берілді.
Каноэ, байдарка және академиялық есуден БҚО федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанин спортшылар үшін салтанатты әнұранды тыңдап, өз елінің туының аспанға қалай асқақтап көтерілгенін көруден
асқан бақыттың жоқ екенін атап өтті. Бұл сезімді ештеңемен салыстыруға болмайдытынын да жеткізді.
Эстафета «Динамо» спорт базасынан басталып, спортшылар қалалық мәдениет және демалыс саябағына дейін көк байрағымызды көтеріп жүзіп өтті. Бұл этафетаны қала тұрғындары қошеметпен қарсы алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мемлекеттік рәміздерді салтанатты түрде құрметтеу бағытындағы іс-шаралар Орал қаласының мотоәуесқойлары қатысатын кешкі мотошерумен аяқталады.