1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орал қаласында жаңа балалар және спорт алаңы пайдалануға берілді.

1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орал қаласында жаңа балалар және спорт алаңы пайдалануға берілді.
Жаңа нысан Ружейников көшесі, 12 мекенжайы блйынша орналасқан. Мұнда футбол және жаттығу алаңдары мен балалар арналған ойын алаңы бар. Ойын алаңдары жасанды көгалмен, ал балалар мен жаттығу зоналары резеңке жабынмен қапталған.
Алаңның салтанатты ашылу рәсіміне Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов, Орал қалалық мәслихатының хатшысы Есентай Қалиев, спорттық алаңды салған мердігер мекеменің өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.
Шаһар басшысы Миржан Сатқанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, бұқаралық спортты дамыту бағытында қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
–Қаламызда «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламалары аясында 29 аулада жаңа балалар және спорттық алаңдары салынып жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы біздің балаларымыздың және олардың болашақтары үшін жасалуда. Дәл осындай жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады. Балаларымыз жазғы демалыстарын сәтті өткізсін. Болашақтары жарқын болсын! – деді қала әкімі.
Жаңа алаңның лентасын спорттық алаңды салушы «Болашақ» мердігер мекемесінің өкілі Людмила Викторовна мен аула тұрғыны Ақкенже Өтепқызы кесті. Балаларға арналған заманауи ойын және спорт алаңы аула тұрғындарына, әсіресе кішкентай бүлдіршіндерге үлкен қуаныш сыйлады. Іс-шарада аула тұрғындары атынан зейнеткер Ақкенже Өтепқызы сөз сөйлеп, аналық алғысын білдірді.