Ет комбинаты аумағында орналасқан «Арай» комьюнити орталығында, Желаев кентіндегі «Ақберен»комьюнити орталығында және Болашақ, Шұғыла балалар аула клубтарында ашылған «Жасыл желек әлемінде» еңбек лагерінде орталықтардың тәрбиеленушілері еңбек етеді.
Еңбек лагеріне әр клубтан 3 баладан 50-ге тарта тәрбиеленушілер тартылып, жеміс ағаштары мен көкөністер егілді.
Бүгін аталмыш шараның ашылу салтанатында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев құттықтау сөз сөйлеп, бау-бақша лагеріне қатысушыларға сәттілік тіледі.
Еңбек лагерінде тәрбиеленушілер көктем мезгілінде ағаш және көкөністер отырғызу, суару және айналысын тазарту, баптау жұмыстарымен айналысады.