
30 мамырда Қала әкімінің орынбасары М.С. Нұржановтың басшылығымен Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыстың бірінші бөлімінде жиналғандар облыс орталығында "балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн " ұлттық ақпараттық науқанын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын" талқылады. Оларды өткізудің негізгі мақсаты-балалар еңбегін пайдалану проблемасына, балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалану мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ осы саладағы халықты құқықтық ақпараттандыру.
Қатысушылар "балалар еңбегін пайдалану -бұл баланың денсаулығына, қауіпсіздігіне, моральдық жағдайына қауіп төндіретін жұмыс. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясының 32-бабы "экономикалық қанаудан және оның денсаулығына қауіп төндіретін немесе білім алуына кедергі келтіретін немесе оның денсаулығы мен физикалық, ақыл-ой, рухани, моральдық және әлеуметтік дамуына зиян келтіретін кез-келген жұмысты орындаудан қорғауға" кепілдік береді. Ал "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы" Заңның 16-бабына сәйкес әрбір баланың еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Он төрт жастан бастап балалар ата-аналарының рұқсаты бойынша оқудан бос уақытта баланың дене бітімі, имандылық және психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін, денсаулық жағдайы мен дамуы бойынша қолжетімді қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқылы, сондай-ақ кәсіп алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты жұмыспен қамту қызметі мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары қамтамасыз етеді. Еңбек шартын жасасу және бұзу тәртібі және Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеудің басқа да ерекшеліктері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленеді. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындау үшін қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады".
"Аталған науқан балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу және ескерту мәселелерінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектордың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың әріптестігі мен ынтымақтастығын дамытуға, балалар еңбегінің ең нашар нысандары туралы жұртшылықтың хабардар болуын күшейтуге ықпал етеді. Жоспарда көзделген барлық іс - шараларды тиісті деңгейде өткізуге міндеттіміз" - деді Мирболат Санғалиұлы.
1 маусымда Балаларды қорғау күні ақпараттық науқан басталады.
Отырыстың екінші бөлімінде комиссия мүшелері кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына қатысты жеке материалдарды қарастырды.