1 маусым - халықаралық балалар күніне орай Орал қаласында мерекелік іс-шаралар қайда өтеді?

1 маусым - халықаралық балалар күніне орай Орал қаласында мерекелік іс-шаралар қайда өтеді?
1. 31 мамыр күні сағат 10.00-де Тұңғыш Президент алаңында «Біз бақытты баламыз еркелеген» атты білім беру ұйымдарының фестивалі өтеді. «Балалар жылына» орай алаңда түрлі алаңқайлар құрылып, концерттік бағдарламалар ұсынылады.
2. Қалалық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында сағат 15.00-де «Кім патша?» ертегісі сахналады. Онда қаламыздағы «Алтын Орда» балалар театрының әртістері өнер көрсетеді.
3. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында сағат 19.00-де ашық аспан астында «Күлтегін» мультфильмі, сондай-ақ мультфильмдердің саундтректерінен концерт және балалар сән көрсетілімі өтеді.
4. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында сурет салу, гимнастика, «Брэйк-данстан» шеберлік сағаттары, сонымен қатар мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Бұл шаралар саябақта мерекеге орай күні бойы өтеді.
5. Х.Бөкеева атындағы облыстық театрда сағат 14.00-де «Сенімді дос» ертегісінен тегін көрсетілім ұйымдастырылады. Мұнда аталмыш театр әртістері балаларға арнап көңілді қойылым ұсынатын болады.