Басқасуға білім, мәдениет және өнер, ақпарат саласының ардагерлері, жазушылар мен ақындар қатысты.
Кездесу барысында шаһар басшысы аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, алда атқарылар ауқымды істерде бірлесе жұмыстануға шақырды.
Басқосуда қаланың әлеуметтік мәселелері талқыланды. Шаһардың тыныс-тіршілігімен танысып жатқанын айтқан қала әкімі алдағы уақытта бірлесе атқаратын міндеттердің көп екенін атап өтті.
Ал жиналғандар өз кезегінде шаһар басшысының қызметіне табыс тілеп, Орал қаласының дамуы үшін бірлесе жұмыс жасайтындығын жеткізді.