ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум аясында Жәңгір хан университетінің, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының, «Болашақ-Т» ЖШС-ның қызметкерлеріне ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын Орал қаласының мәслихат хатшысы Есентай Қалиев және қалалық мәслихат депутаттары А.Сұлтанов, В.Власов, В.Крылов жүргізді.
Дәл осындай ақпараттандыру жұмыстары қаладағы барлық мекеме, ұжымдар мен кәсіпорындарда жүргізілуде.