Қала әкімі қабылдауда өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ананың рөлі ерекше екенін баса айтып, көпбалалы аналарға жылы лебізін білдірді.
– Өмірге ұрпақ әкеліп, оларға лайықты тәлім-тәрбие беріп, қоғамға саналы азамат етіп қатарға қосудың астарында өздеріңіздей аналарымыздың еңбегі жатыр. Соңғы жылдары мемлекет және жергілікті билік тарапынан ана мен балаға жасалып жатқан қамқорлық жылдан-жылға артып келе жатыр. Сол үшін де бала тәрбиесіне үлкен мән беретін көпбалалы аналарға құрметіміз шексіз. Осы жыл басталғалы өздеріңіздей 19 көпбалалы ана бүгінгідей құрметке ие болды.Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ұрпақ қызығын көруді тілеймін, – деді.