Жарысқа облыстың барлық аудандарының және Орал қаласының командасы қатысты.
Жалпы ойын қорытындысы бойынша Орал қаласының командасы:
• Үстел теннисінен - бірінші орын;
• Баскетболдан әйелдер командасы арасында - бірінші орын;
• Баскетболдан ерлер арасында - екінші орын;
• Волейболдан ерлер арасында - үшінші орын;
• Гір тасын көтеруден - үшінші орын;
• Тоғызқұмалақтан - бірінші орын;
• Шағын футболдан - екінші орын;
• Қол күресінен - бірінші орын иеленді. Жарысқа қатысушыларды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!