
Орал қаласының әкімдігі мерекелік орта қалыптастыру, қаланың сыртқы келбетін жақсарту, қала кәсіпкерлері мен ұйымдарын ынталандыру және көтермелеу мақсатында ғимаратты үздік жаңажылдық безендіруге конкурс жариялады.
Байқаудың қатысушылары кәсіпорындар, шағын және орта бизнес нысандары, өз ғимаратының қасбетін немесе іргелес аумақты безендірген қалалық мекемелер бола алады. Жұмыстарды қарау кезінде ғимараттың қасбеттерін безендіруде креативтілік, көркемдік мән, бірегейлік және композициялық шешім ескеріледі.
Конкурс 30 желтоқсанға дейін жалғасады, ал қорытынды ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында жарияланады. Барлықтарыңызды белсенді қатысуға шақырамыз!