Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов кезекті рет тұрғындарды қабылдады. Бұл жолы қабылдауға келген азаматтар бірқатар маңызды мәселені көтерді.
Тұрғындардың негізгі сауалдары баспанамен қамту, жер телімін бөлу, жұмысқа орналастыруға қатысты болды. Қала басшысы өз кезегінде түйткілдер ретімен шешімін табатынын, азаматтарға заң шеңберінде көмек көрсетілетінін айтты.
М.Сатқанов қабылдау қорытындысында құзырлы бөлім басшыларына мәселелердің оңтайлы шешімін табу бойынша тапсырмалар жүктеді. Олардың орындалуы өзінің жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Айта кетейік, шаһар басшысының қабылдауына 51-28-86 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.