Бүгін «Атамекен» өнер ордасында ҚР қарулы күштерінің құрылуының 30 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Бүгін «Атамекен» өнер ордасында ҚР қарулы күштерінің құрылуының 30 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті
Бүгін «Атамекен» өнер ордасында ҚР қарулы күштерінің құрылуының 30 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Жиынды Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев құттықтау сөзімен ашып, мерейлі қызмет атқарып жүрген бірқатар азаматқа мерекелік марапат табыстады.
Салтанатты жиында ҚР Қарулы күштерінің, Ауған соғысы, Таулы Қарабах этносаралық қақтығысы, Тәжік-ауған шеарасындағы әскери қақтығыстардың ардагерлері, сондай-ақ қорғаныс істері, шекара қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, ҚР Қарулы күштерінің әуе қорғаныс күштері саласының, өңіріміздегі әскери бөлімдердің қызметкерлері мен полицейлер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар «Қаңтар оқиғасында» ерлігімен есте қалып, төтенше жағдай кезінде қаза тапқан «Айбын» орденінің иегері, подполковник Сәндібек Хайыровтың ата-анасына құрмет көрсетіліп, алғыс хат табыс етілді.
Марапаттау рәсімінен кейін іс-шара өңір өнерпаздары дайындаған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.