Бүгін Жастар мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күні мерекесі мен ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай мерекелік концерт өтті

Бүгін Жастар мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күні мерекесі мен ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай мерекелік концерт өтті
Іс-шараға Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
— Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Қазақстан Қарулы Күштері – мемлекетіміздің берік қорғаны, ел қауіпсіздігін сақтап, түрлі қауіп-қатерлерге тегеурінді төтеп беретін қуатты құрылым. Ол өскелең ұрпақтың әскери рухын шыңдауда және отансүйгіштікке тәрбиелеуде, даңқты әскери тарихымыз бен жауынгерлік дәстүрімізді жалғастыруда өлшеусіз рөл атқарады. Айшықты мерекемен оралдықтарды құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке, бейбіт күн тілеймін, — деді шаһар басшысы.
Салтанатты іс-шарада бір топ азаматтар қала әкімінің мерекелік алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапаттау рәсімі ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрі мен қала өнепаздарының дайындаған мерекелік концертіне ұласты.
Концертте туған жер, патриоттық бағытындағы әндер орындалып, би ансамбльдері өнер көрсетті.
Мәдениет үйінің фойесінде еліміздің Қарулы күштері туралы көрме ұйымдастырылды.