Бүгін Тұңғыш Президент алаңында әскер қатарына аттанғалы отырған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін Тұңғыш Президент алаңында әскер қатарына аттанғалы отырған жастарды салтанатты түрде  шығарып салу рәсімі өтті
Бүгін Тұңғыш Президент алаңында әскер қатарына аттанғалы отырған жастарды салтанатты түрде
шығарып салу рәсімі өтті.
Мереке қарсаңында өңірден 20 сарбаз Семей қаласындағы құрлық әскерлерінің механикалық бригадасына әскери борышын өтеуге аттанып барады.
Салтанатты шарада Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Арман Үсенбаев, Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Мақсат Мұқанов сөз сөйлеп, сарбаздарға ақ жол тіледі. Отан алдындағы қасиетті борыштарын өтеуге бара жатқан балаларына ата-аналары да ақ тілектерін арнады.
Іс-шарада жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, мерекелік көңіл-күй тарту етті.