Оралда Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай "Даңқы өшпес ерлікке - мәңгілік құрмет" қалалық патриоттық ән байқауы өтт

Оралда Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай "Даңқы өшпес ерлікке - мәңгілік құрмет" қалалық патриоттық ән байқауы өтт
Оралда Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай "Даңқы өшпес ерлікке - мәңгілік құрмет" қалалық патриоттық ән байқауы өтті.
Байқауға қатысушылар Отан, туған жер, ҰОС жылдарындағы әндер мен халық әндері, ҚР композиторларының әндерін орындады. Ән байқауында шаһардағы комьюнити орталықтары, аула клубтары, Оқушылар сарайы, Подстепный мектебі және Назира Хибашеваның вокал студиясының тәрбиеленушілері өнерлерін көрсетіп, сынға түсті.
Байқаудың салтанатты ашылуында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жас өнерпаздардың өнеріне интерноционалист жауынгер, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консервоториясының түлегі Беркінғали Ғабделов, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Халықаралық байқаулардың лауреаты Ақмарал Ахметова, халықаралық байқаулардың лауреаты, Жастар мәдениет сарайының әншісі Аслан Зинеденов, интерноционалист жауынгер «Ауған соғысының алтын дауысы», вокалист Анатолий Баровский, Жастар мәдениет сарайының әншісі, республикалық байқаулардың лауреаты Бибигул Берекетовалар баға берді.
Екі күнге созылған ән байқауында 35 өнерпаз бақ сынап, қатысушылар алғыс хаттар және жүлделі орындармен марапатталды.