Қазіргі таңда шаһар бойынша жергілікті автопарктердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жұмыстар атқырылуда

Қазіргі таңда шаһар бойынша жергілікті автопарктердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жұмыстар атқырылуда
Қазіргі таңда шаһар бойынша жергілікті автопарктердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жұмыстар атқырылуда.
«Батыс Дилижанс» ЖШС жолаушылар тасымалын оңтайландыру мақсатында «Вектор Некст» маркілі 13 бірлік жаңа автобус сатып алып, бүгін желіге қосты.
Жолаушыларға лайықталған жаңа автобустардың кілтін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов салтанатты түрде тапсырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Жаңа автобустар қала тұрғындарына №39 бағыт бойынша қызмет көрсетпек. Қоғамдық көліктер отандық автоқұрастыру зауытында жасалған. 20 орынға есептелген қоғамдық көлікте арнайы қажеттілігі бар жандардың арбасына арналған пандус, бейнебақылау және Avtobys құрылғылары бар.