Бүгін ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлан Ізтілеуов 85 жасқа толды

Бүгін ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлан Ізтілеуов 85  жасқа толды
Бүгін ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлан Ізтілеуов 85 жасқа толды. Нұрлан Дүйсенбайұлын мерейлі жасымен Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов құттықтап, сала ардагеріне құрмет көрсетті.
Еңбек жолын 1961 жылы бастаған Нұрлан Дүйсенбайұлы ауыл шаруашылық саласында әртүрлі жұмыстар да қызмет етті. Ол 1964-1968 жылдары «Котельников» совхозынын бас экономисті, 1968-1972 жылдары облыстық ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындау басқармасының аға инспекторы, 1972-1973 жылдары Камен аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс жасады. 1973-1982 жылдары Камен ауданының «Красный Маяк» совозының директоры, 1982 жылдың қазан айында Қазақ ССР-нің ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмысқа шақырылып, жоспарлау-экономикалық басқармасының төраға орынбасары қызметін атқарды.
1985-1992 жылдары Камен ауданының Қазақстанның 40 жылдығы атындағы қой совхозының директоры, 1993-1998 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер ассоциациясының төрағасы боп тағайындалды. Қазіргі таңда облыстық ауыл шаруашылық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерiнiң және Қазақстан Республикасының «Құрметті ардагері» төс белгісінің иегері.
Шаһар басшысы мерейтой иесіне өңіріміздің ауыл шаруашылық саласына саналы ғұмырын арнап, осы саланы дамыту жолындағы еңбегіне ризашылығын білдіріп, ақ тілегін жеткізді.