Қателесуге құқығымыз жоқ

Қателесуге  құқығымыз  жоқ

Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында балалардың жеке істері талқыланды және жасөспірімдердің қадағалаусыз қалуының, кәмелетке толмағандардың білім алудан жалтаруының алдын алу жөніндегі жұмыстардың алдағы жоспарлары белгіленді.

2022 жылдың ағымдағы кезеңінде қалалық комиссия 8 комиссия отырысын өткізді, онда ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға қатысты 20-ға жуық жеке іс қаралды, балалардың денсаулығын сақтау, олардың отбасылық тәрбие алу құқықтарын іске асыру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және құқық бұзушылығының алдын алу мәселелері бойынша қаулылар шығарылды, сондай-ақ проблемалық мәселелер бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар тыңдалды.

Комиссияның кезекті отырысының жұмысы 2 кезеңнен тұрды. Біріншісі-қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың тұрғылықты мекен-жайларына шығу. Екіншісі-комиссия мүшелерінің онлайн режиміндегі жиналысы.

- Әріптестер, біз әрбір нақты жағдайда ата-аналар мен мамандардың күш-жігерін біріктіре отырып, балаға жеке көзқарас табу қажет екенін нақты түсінуіміз керек. Мектепте және отбасында балалардың әрқашан назарда болуы маңызды. Ол үшін мұғалімдер тек мектепке ғана емес, сонымен қатар қосымша білімге де көбірек уақыт бөліп, жас ұрпақтың дамуына мүмкіндік беруі қажет. Сондай-ақ ата-аналармен жүйелі  түрде жұмыс жүргізіп, ата-аналардың жауапкерлішіктері жөнінде насихаттау және отбасылық құндылықтарды танымал ету қажет. Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық сектордың міндеті – балалар мен олардың ата-аналарына уақытылы көмек, қолдау көрсету. Біздің қателікке құқығымыз жоқ, өйткені әр шешімнің артында баланың тағдыры тұр, деп атап өтті қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы  М.С.Нұржанов отырысты аша отырып.

Отырыста жалпы дауыс беру арқылы әрбір жеке іс бойынша қаулылар қабылданды, қаулыларды орындау бойынша тапсырмалар берілді, оларды орындаудың нақты мерзімдері белгіленді.