Бүгін 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай алаңында мерекелік шара өтті

Бүгін 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай алаңында мерекелік шара өтті
Концерттік бағдарламада ұлттық мәдени орталықтар, облыстың үздік шығармашылық ұжымдары мен әртістері өнер көрсетті.
Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, оралдықтарды ізгі мерекемен құттықтады.
Меркелік бағдарламада бір шаңырақ астындағы еліміздің татуылығы мен мызғымас бірлігін айшықтайтын театрландырылған көріністер көрсетілді. Өнерпаздар ұлысты ұғыстыра білген еліміздің берекелі бірлігін ән мен жырға қосып, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.