1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі.
Осыған орай орталық арбаттың бойында «Ақжайық - шеберлер қаласы» атты дәстүрлі көрме өтті.
Алаңға тігілген ақшаңқай киіз үйлерде қаламыздың қолөнершілері әртүрлі ұлттың қолөнер бұйымдарын тұрғындарға ұсынды. Сала мамандары көрмеге 20 шебердің туындысы қойылғанын айтады.
- Бүгінгі қолөнершілер көрмесіне қаламыздың үздік 20 қолөнершісі қатысып отыр. Көрме жаз айларына дейін созылады. Қолөнершілердің көбісі бұл жерге шәкірттерімен келген. Бұл жазғы демалыста оқушылардың уақытын тиімді пайдалануға зор үлесін тигізіп, еңбекке баулиды, - дейді қалалық көрме залының меңгерушісі Ахмет Ғиниятов.
Көрмеге киізден, ағаштан жасалған түрлі бұйымдар мен ою-өрнектермен әшекейленген тұрмыстық заттар қойылған. Бұйымдардың әрқайысысы әр ұлттың салт-дәстүрінен сыр шертеді.
Алаңға мерекелік концерт тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтары да көрмені тамашалап, қолөнершілердің шебер туындаларын бағалап қайтты.