Жалпықалалық сенбіліктің шаһардың көркеюіне қосар үлесі зор.

Жалпықалалық сенбіліктің шаһардың көркеюіне қосар үлесі зор.
Жалпықалалық сенбіліктің шаһардың көркеюіне қосар үлесі зор.
Санитарлық-экологиялық айлық аясында бүгін оралдықтар сенбілікке шығып, тазалық шарасына белсене атсалысты.
Бүгін Орал қаласы әкімдігінің барлық құрылымдық бөлімдері мен 200-ден аса студент жастар Зашаған кентінен Деркөл кентіне апаратын айналма тас жолын күл-қоқыстан тазартты.
Сенбілікке шыққандар арасында жастар көп. Олар «Әрбір тұрғын қала тазалығы үшін жауапты болуы керек» деген ойда.
- Қала тазалығы - сананың тазалығы, мәдениеттіліктің көрінісі. Алдымен айналамызды таза ұстай білсек, қоғам біртіндеп жақсы дүниелерге бет бұра бастайды. Әр қала тұрғыны қала тазалығына бей-жай қарамауы қажет. Сондықтан баршамыз тазалық шарасына бірге атсалысайық! - дейді Орал қаласы ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев.
Бұдан бөлек, шаһардағы әлеуметтік және бизнес нысандарының ұжымдары, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үй аулалары мен жеке тұрғын үй секторларындағы қала тұрғындары да өз аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Осындай бағыттағы сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.