Бүгін қала әкімі Миржан Сатқанов шорт-тректен бірнеше дүркін халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, жерлестеріміз Абзал Ажғалиев пен Әділ Ғалиахметовты қабылдады.
Биыл қос спортшы Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Абзал Ажғалиев Олимпиаданың ашылу салтанатында еліміздің туын ұстап шықты әрі сәтті өнер көрсетіп, финалдық кезеңге өтті.
—Оралдан шыққан спортшылардың арасында тек өңіріміздің ғана емес тұтас ұлт мақтанышы болғандар аз емес. Солардың ізін жалғаушы спортшы жастарымыздың саны артып келеді. Сіздер Олимпиадаларда, халықаралық деңгейдегі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап келесіз. Өскелең ұрпақ сіздерден үлгі алып, ерен еңбектің арқасында спортта да, өмірде де үлкен жетістіктерге жетуге болатынын ұғынады. Жеңісті жолды жалғастырып, биіктен көріне беріңіздер, — деді шаһар басшысы. М.Сатқанов спортшыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтарды табыс етті.
Жылы шырайлы кездесу барысында А.Ажғалиев пен Ә.Ғалиахметов алдағы жоспарларымен бөлісіп, шаһар басшысына көрсеткен құрметі үшін ризашылықтарын білдірді.Бүгін қала әкімі Миржан Сатқанов шорт-тректен бірнеше дүркін халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, жерлестеріміз Абзал Ажғалиев пен Әділ Ғалиахметовты қабылдады.
Биыл қос спортшы Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Абзал Ажғалиев Олимпиаданың ашылу салтанатында еліміздің туын ұстап шықты әрі сәтті өнер көрсетіп, финалдық кезеңге өтті.
—Оралдан шыққан спортшылардың арасында тек өңіріміздің ғана емес тұтас ұлт мақтанышы болғандар аз емес. Солардың ізін жалғаушы спортшы жастарымыздың саны артып келеді. Сіздер Олимпиадаларда, халықаралық деңгейдегі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап келесіз. Өскелең ұрпақ сіздерден үлгі алып, ерен еңбектің арқасында спортта да, өмірде де үлкен жетістіктерге жетуге болатынын ұғынады. Жеңісті жолды жалғастырып, биіктен көріне беріңіздер, — деді шаһар басшысы. М.Сатқанов спортшыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтарды табыс етті.
Жылы шырайлы кездесу барысында А.Ажғалиев пен Ә.Ғалиахметов алдағы жоспарларымен бөлісіп, шаһар басшысына көрсеткен құрметі үшін ризашылықтарын білдірді.