Бүгін осы Чернобыль апатын жоюшыларға арналған Орал қалалық тынымбағында аталған апатты жою жолында құрбан болғандарды еске алу шарасы өтті. Шара барысында қатысушылар қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Шарада қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, БҚО Чернобыль мүгедектері мен ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Тайманов, Батыс Қазақстан Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері ҚБ төрағасы Е.Жұманғалиев, Ауғанстан ардагерлері одағының құрметті төрағасы О.Пимонов сөз сөйлеп, апатты жоюшыларды еске алып, тәуелсіз елімізде