Орал қаласында мамыр айындағы мерекелерге орай 50-ге жуык шара жоспарланған

Орал қаласында мамыр айындағы мерекелерге орай 50-ге жуык шара жоспарланған
Мирболат Нұржанов, Орал қаласы әкімінің орынбасары:
1, 7 және 9 мамыр мерекелік күндеріне орай қала бойынша барлығы 50-ден астам іс-шара өтеді. Оның ішінде қайырымдылық шаралары, ауылшаруашылық көрмелер, ұлттық мәдени орталықтар көрмесі, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, мерекелік концерттер бар.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 30 сәуір сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін М.Ықсанов көшесінде, 1 мамыр күні 09.00-ден 13.00-ге дейін Жәңгір хан сауда үйі алдында мерекелік ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
1 мамыр күні сағат 10.00- де Д.Нұрпейсова көшесіндегі арбатта 14 этнобірлестік өкілдері өздерінің қолөнер, ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырады.
Содан кейін сағат 11.00-де Абай алаңында облыстың үздік шығармашылық ұжымдары мен әртістерінің қатысуымен театрландырылған мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Сол күні сағат 13.00 және 20.00-де қалалық мәдениет және демалыс саябағында жазғы маусымның ашылуына арналған өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама өткізіледі.
Қаланың барлық аумақтарын қамту мақсатында 1 мамыр сағат 18.00-де Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама М.Мөңкеұлы саябағында, Деркөл кенті саябағында, Тұңғыш Президент алаңында ұйымдастырылады.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Мамыр айына жоспарланған мерекелік шаралар туралы» брифингтен